Accessibility links

Ерлан Ыдырысов ЕҚЫҰ өкілімен кездесті


ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі мәселелері жөніндегі өкілі Дуня Миятович.

ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі мәселелері жөніндегі өкілі Дуня Миятович.

Сәрсенбіде Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі мәселелері жөніндегі өкілі Дуня Миятовичпен кездесті деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Министрліктің ақпараты бойынша, Дуня Миятович таяуда ғана қабылданған Қазақстан журналистерінің этика кодексі "бұқаралық ақпарат құралдарының өзін-өзі реттеуіндегі әлемдік тәжірибеге сай келетінін айтқан.

Кездесу барысында Ыдырысов Қазақстанның "сөз бостандығын сақтап, адам құқықтарын қорғайтынын және демократиялық ұстанымдарға берік екенін" мәлімдеген.

Миятович Қазақстан өкілдерін 2013 жылы Венада өтетін ЕҚЫҰ-ның халықаралық конференциясына қатысуға шақырған.
XS
SM
MD
LG