Accessibility links

АҚШ пен Ресей бала асырап алуда жаңа келісім жасасты


Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан сәбилер. Екатеринбург, Ресей. (Көрнекі сурет).

Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан сәбилер. Екатеринбург, Ресей. (Көрнекі сурет).

1 қарашадан бастап Ресей мен АҚШ арасында бала асырап алудағы ынтымақтастыққа қатысты жаңа келісім-шарт күшіне енеді.

Жаңа келісім-шартты Мәскеу "америкалық отбасылар асырап алған кейбір ресейлік балаларға дұрыс қарамады" деген уәжбен ұсынған.

Ресей бұдан бұрын "АҚШ үкіметі ресейліктердің асырап алған балаларды көруіне рұқсат етпей қойды" деген еді. Жаңа келісім-шарт бойынша енді АҚШ бұған рұқсат етеді.

АҚШ-тың Ресейдегі елшілігінің хабарлауынша, бұдан былай екі ел арасындағы бала асырап алу жұмысымен тек арнайы аккредитациядан өткен агенттіктер ғана айналыспақ.

АҚШ бала асырап алатын елдердің арасында бала санының көптігі жөнінен Ресей, Қытай мен Эфиопиядан кейінгі орында тұр. Ресми дерек бойынша, АҚШ 1999 жылдан бері Ресейден 45 мыңнан астам бала асырап алған.
XS
SM
MD
LG