Accessibility links

Палестина басшысына Израиль қастандық жасаған


Палестина автономиясының бұрынғы жетекшісі Ясир Арафат. Рамалла, 13 қыркүйек 2003 жыл. (Көрнекі сурет).
Палестина автономиясының бұрынғы жетекшісі Ясир Арафат. Рамалла, 13 қыркүйек 2003 жыл. (Көрнекі сурет).
Израиль билігі 1988 жылы Палестина автономиясының бұрынғы басшысы Ясир Арафаттың орынбасары Халиль әл-Вазирді қастандықпен өлтірткенін мойындады.

Көбінесе Әбу-Жиһад деген атпен танымал Халиль әл-Вазирді өлтіруге Израильдің қатысы бар деген әңгіме бұрыннан бар еді. Бірақ Израиль әскерилері Yediot Ahronot басылымына қастандықты мойнына алған ақпаратты жариялауға енді ғана рұқсат берді. Басылым журналисі осыдан 12 жыл бұрын қастандық операциясын басқарған, қазір қайтыс болып кеткен әскери шенеуніктен Халил әл-Вазирдің өлімін мойындағаны туралы сұхбат алған еді.

Бұл құпия қылмысқа сол кезде қорғаныс министрі болып тұрған Эхуд Барак пен бұрынғы вице-президент Моше Яаалонның да қатысы бары белгілі болған.

Әбу-Жиһад Ясир Арафатпен бірге Палестинаны азат ету ұйымын (ФАТХ) құрған. Оның израильдіктерге жасалған бірнеше шабуылдарға қатысы бар делінеді.

Әбу-Жиһадты 1988 жылы Тунисте атып өлтірді.
XS
SM
MD
LG