Accessibility links

Обаманы қорғайтын агент өз-өзіне қол жұмсады


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 30 қазан 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 30 қазан 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обаманы күзететін құпия агенттердің бірі Рафаэль Прието өз-өзіне қол жұмсады.

Reuters және Associated Press агенттіктерінің дереккөздеріне сүйене отырып хабарлауынша, Рафаэль Прието шетел азаматымен байланыс орнатқанына орай біраз уақыт тергелген.

Құпия қызметтің ережесі бойынша, қызметкер шетелдіктермен қандай байланыс орнатса да, басшылыққа бірден хабарлап отыруы тиіс.

АҚШ президентінің құпия қызметі агенттің қазасына байланысты көңіл айтқан мәлімдеме таратты. Онда Приетоның құпия қызметте 20 жыл бойы өзін жақсы жағынан көрсеткенін айтады.

АҚШ президентінің құпия қызметі президент пен оның отбасын қорғап, қаржылық қылмыстарды тергеумен айналысады.
XS
SM
MD
LG