Accessibility links

Құқық қорғау ұйымы Курамшинді босатуды талап етті


Азаматтық белсенді Вадим Курамшин. Алматы, 31 тамыз 2012 жыл.

Азаматтық белсенді Вадим Курамшин. Алматы, 31 тамыз 2012 жыл.

Қазақстандық адам құқықтарын қорғау бюросы билікті азаматтық белсенді Вадим Курамшинді қамаудан босатуға шақырды. Бюро «Жамбыл облыстық соты апелляциялық алқасының Курамшинді ақтап шығарған үкімнің күшін жою шешімі белсендіні тұқырту үшін жасалып отыр» деп мәлімдеді.

Бюро Курамшиннің тұтқындалуы биліктің одан ЕҚЫҰ-ның Варшавада өткізген жиынында сөйлеген сөздері үшін «кек қайтаруы» деп санайды.

Бұдан бір күн бұрын қамаудағы Вадим Курамшиннің білегін өзі тіліп тастағаны туралы ақпарат тараған еді. Бұл деректі қарашаның 2-сі күні Азаттыққа түсініктеме берген Солтүстік Қазақстан облысындағы түзеу мекемелерін қадағалайтын арнайы прокурор Андрей Бессонов та растады.

- Тергеу изоляторында Курамшин арандату мақсатында өзіне білек тұсына жеңіл жарақат жасады. Жарақатты моншаға барған кезде берілетін ұстараның жартысымен жасаған. Осылайша ішкі тәртіпті бұзғаны үшін дисциплинарлық жауапқа тартылды, - деді ол.

Бессоновтың айтуынша, Курамшиннің жарақат қауіпті емес, қазір оны «заң негізінде этаппен Тараз қаласына алып кетті».

28 тамызда Тараз қалалық соты Вадим Курамшинді «өзінше билік етті» деген айыппен бір жылға бас бостандығын шектеген. Осы аптада Жамбыл облыстық прокуратурасының қарсылығы бойынша үкімнің күші жойылды.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG