Accessibility links

Әлемдік брендтер өзбек мақтасына бойкот жариялады


Мақта теріп жүрген балалар. Қашқадария облысы, Өзбекстан, 21 қазан 2012 жыл.

Мақта теріп жүрген балалар. Қашқадария облысы, Өзбекстан, 21 қазан 2012 жыл.

Әлемдік 100-ден астам киім өндіруші компаниялар Өзбекстан мақтасын сатып алуға бойкот жариялады. Әлемдік брендтердің мұндай қадамға баруына Өзбекстанда бала еңбегінің қаналуы себеп болып отыр.

Жұмысшылардың құқықтарын қорғайтын калифорниялық Responsible Sources Network ұйымының директоры Патрисия Джуревичтің айтуынша, Wal-Mart, JCPenney, American Eagle және Zara сияқты танымал компаниялар байкотқа қолдау білдірген.

Джуревич биыл Өзбекстан президенті Ислам Каримов мақта алқаптарында балалардың жұмыс істеуіне тыйым салатын жарлық шығарғанына қарамастан, 15 пен 18 жас аралығындағы балалар әлі де мақта алқаптарында еріксіз жұмыс істеуге мәжбүр болып отырғанын айтады.
XS
SM
MD
LG