Accessibility links

Астана әкімдігі пәтер алған 193 адамды іздеп жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Астана қаласының атқарушы билік орындары тұрғын үй құрылысының 2005-2007 және 2008-2010 жылдарға арналған (бірінші кезең) мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй комиссиясы пәтер беруге шешім шығарған 193 азаматты таба алмай отыр.

Қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратта бұл азаматтар шарт жасасу үшін қалалық тұрғын үй басқармасына келуі керектігі айтылған.

Осыған байланысты Астана билігі аталған азаматтар биылғы 12 қарашаға дейін шарт жасасуға келмеген жағдайда оларды тұрғын үй алушылар тізімінен шығару туралы мәселе комиссияның кезекті отырысының қарауына берілетіні туралы ескертеді.

Астана қаласы бойынша 2005-2007 және 2008-2010 (бірінші кезеңдегі) мемлекеттік бағдарламаға қатысушылардың тізімін қала әкімдігінің сайтынан табуға болады.
XS
SM
MD
LG