Accessibility links

Магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторы белгіленді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Қазақстан үкіметінің қаулысымен магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор болып «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы белгіленді.

Қаулыға сәйкес ұлттық оператор меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі магистральдық құбыр арқылы Қазақстан аумағынан тасымалданатын мұнайды басқа мемлекеттердің кұбыр жүйелері арқылы тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету (бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет) құқығына да ие.

Мәтіні бүгін Қазақстанның ресми басылымдарда жарияланған үкімет қаулысы күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
XS
SM
MD
LG