Accessibility links

Қазақстандық әйелдер Мәскеуде құлдықта болғанын баяндады


Лейла Аширова мен Бақия Қасымова (сол жақта) Мәскеуде бірнеше жыл бойы құлдықта болғандарын мәлімдеді. Мәскеу, 2 қараша 2012 ж.

Лейла Аширова мен Бақия Қасымова (сол жақта) Мәскеуде бірнеше жыл бойы құлдықта болғандарын мәлімдеді. Мәскеу, 2 қараша 2012 ж.

Қазақстандық 26 жастағы Лейла Аширова мен 35 жастағы Бақия Қасымова Ресей астанасындағы супермаркеттердің бірінде бірнеше жыл бойы құлдықта болғандарын мәлімдеді.

Жұма күні Мәскеуде баспасөз мәслихатында екі әйел өздерін жұмыс береміз деп алдап, ұрып-соғып, қорқытып супермаркетте еркінен тыс жұмыс істеуге мәжбүр болғандарын айтты. Әйелдердің айтуынша, оларды дүкеннің жерасты бөлігінде қамап ұстаған.

Ресейлік қоғам белсенділері осы аптада Мәскеудегі супкермаркеттердің бірінде еріктерінен тыс жұмыс істеп жатқан 14 адамды еркіндікке шығарып алғандары туралы ақпарат таратқан еді. Олардың Қазақстан мен Өзбекстанның азаматтары екендігі және араларында кәмелеттік жасқа жетпеген үш бала бары хабарланды. Мигранттар табылған дүкеннің иелерін полиция ұстап бірнеше сағат тергеген соң оларды босатып қоя берген дейді ресейлік адам құқығын қорғаушы топ белсенділері.
XS
SM
MD
LG