Accessibility links

Гүлнара Каримованың Мәскеудегі пәтері тұтқындалды


Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова. Ташкент, 30 қыркүйек 2012 ж.

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова. Ташкент, 30 қыркүйек 2012 ж.

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнараның Мәскеудің орталығындағы пәтері тұтқындалды деп хабарлады Интерфакс агенттігі.

Агенттіктің ресейлік заң органдарындағы ақпарат көзіне сүйеніп хабарлауынша, бұндай шешім Ресейдің "МТС" байланыс компаниясының еншілес бөлімшесін Өзбекстанның телекоммуникация саласынан ығыстырып шығаруына қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында қабылданған. Алайда әзірге ресми орындардан бұл деректі растайтын ақпарат түскен жоқ.

Тамыз айының соңында ресейлік "МТС" байланыс компаниясының Өзбекстандағы еншілес бөлімшесінің мүлкіне тұтқын салынып, бөлімшеде жұмыс істеген бірнеше менеджер түрмеге отырғызылды.

"МТС" компаниясы бұны Өзбекстандағы өз бизнесін тартып алмақ болған ықпалды күштердің іс-әрекеті деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG