Accessibility links

Алматының спорт сарайында жасырын казино болған


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Алматыдағы республикаға белгілі үлкен спорт сарайында жасырын казино жұмыс істегені анықталды деп хабарлады "Новости-Казахстан" агенттігі.

"2012 жылы 2 қарашада Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында заңсыз казиноның жұмысын әшкерелеу бойынша жүргізілген жедел шаралар барысында ғимараттың төртінші қабатында покер ойнауға арналған екі зал анықталды" делінген Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз хабарламасында.

Прокуратураның мәліметіне сәйкес, аталған екі залда 21 ойын үстелі болған, сонымен бірге карта ойнына арналған екі үстел және екі америкалық электрондық рулетка орналасқан үш VIP-бөлмесі, 21 ойын автоматы бар болып шыққан. Әлгі залдардан 13 мыңнан астам АҚШ доллары, 15 мың ресей рублі, 4 миллион теңгеден астам ақша және 10 мың ойын фишкасы табылған.

Алматы прокуратурасы бұл казиннода 40 адам жұмыс істегенін және осында ойнайтын 200-дей адамның аты-жөнін анықтаған. Прокуратура өкілдері бұл заңсыз ойынхананы Өзбекстан астанасының тумалары ұйымдастырған деген болжам айтып отыр.
XS
SM
MD
LG