Accessibility links

Кувейт оппозициясы жаппай шеруге шығады


Сайлау туралы заңға енгізілген өзгерістерге қарсы шеруге шыққандарды көзден жас ағызатын газбен қуып таратып жатыр. Кувейт, 21 қазан 2012 жыл

Сайлау туралы заңға енгізілген өзгерістерге қарсы шеруге шыққандарды көзден жас ағызатын газбен қуып таратып жатыр. Кувейт, 21 қазан 2012 жыл


Бүгін жексенбіде Кувейтте оппозициялық күштер сайлау туралы заңнамадағы жаңа өзгерістерге қарсы жаппай шеруге шығуды көздеп отыр.

20 адамнан асатын кез-келген жиынға таяуда тыйым салған Кувейт билігі манифестанттарды күшпен тарату жөнінде қазірдің өзінде бұйрық беріп қойды.

21 қазанда болған жаппай тәртіпсіздік кезінде 11 полиция қызметкері мен тағы да басқа ондаған адам жарақаттанған еді.

Кувейтте саяси дағдарыс осымен алтыншы жылға ұласып барады. Кувейт әмірі Сабаха әл-Ахмад 7 қазанда парламентті тағы да таратып жіберді. Желтоқсанның біріне елде кезектен тыс сайлау өткізіледі. Оппозицияның пікіріне қарағанда монархтың ұсынысы бойынша сайлау туралы заңға енгізілген соңғы өзгерістер билікті қолдайтын саяси күштерге үстемдік береді.
XS
SM
MD
LG