Accessibility links

Анкараға қырым-татар жастары жиналды


Қырым татарлары. Көрнекі сурет
Қырым татарлары. Көрнекі сурет
Түркияның астанасы Анкарада қырым-татар жастарының VII кұрылтайы кеше 3 қазанда басталды.

«Құрылтайдың қырым-татар диспорасы көп шоғырланған Түркияда өткізілуінің мақсаты – қырым –татар мәдениеті мен тілін сонда өмір сүретін диаспора арасында насихаттау. Жиынға Болгария, Румыния және басқа елдерден өкілдер келді» деп хабарлады Азаттық радиосына жастардың Қырымдағы координаторы Айдер Әджимәмбәтов.

Құрылтайға 200-ден астам делегат қатысып жатыр. Бұрынғы құрылтайларда жастар өзара араласып, танысып біліскен болса, бұл жолы қырым-татар жастарының барлығына ортақ жобалар жасап, оны жүзеге асыру мәселесі талқыланбақ.

Бүгін жексенбіде аяқталатын жиынға Түркия парламентінен орын алып отырған кейбір саяси партия өкілдері де қатысады.
XS
SM
MD
LG