Accessibility links

Пекин қарлы боран астында қалды



«Қытай астанасы Пекинде боран тұрып, қаланы қар басып қалды. Ауа температурасы 8-10 градусқа дейін төмендеді» деп хабарлайды ресейлік ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігі. Бұл хабарға қарағанда Пекиннің «алтын күзі» бір күнде нағыз қысқа айналған. Қар салмағын көтере алмай ағаштар құлап, көлік жүрісі қиындаған.

ҚХР мемлекеттік метеорологиялық орталығының мәліметіне қарағанда, тұтас Солтүстік Қытайда суық ауа циклоны жүріп, Ішкі Моңғолия автономиялық ауданы мен Хэбэй, Шаньси провинциялары қарлы боран астында қалған. Ішкі Моңғолияда 400-ге жуық автокөлік үлкен жолда қалып қойған.

Әдеттен тыс суыққа байланысты Пекин әкімшілігі қалаға мерзімінен екі апта бұрын жылу беруге мәжбүр болған

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG