Accessibility links

ЕО Ливияның жаңа үкіметін құптады


Ливия қаласындағы үкімет күштері, 24 қазан 2012 жыл

Ливия қаласындағы үкімет күштері, 24 қазан 2012 жыл


«Еуропа Одағы жаңа министрлер кабинетінің құрамын бекіткен Ливия парламентінің шешімін құптайды және жаңа үкімет тез арада істі қолға алады деп үміттенеді» деп мәлімдеді ЕО сыртқы саясат мекемесінің басшысы Кэтрин Эштон.

Ливия премьер-министрі Әли Зидан өткен аптаның бас кезінде Ливия конгресіне «Ұлттық күштер альянсы» либералды партиясы мен исламшыл «Әділет және даму» партиясынан құралған жаңа коалициялық үкімет құрамын ұсынған еді. Қазанның отыз біріне Ливия Жалпы ұлттық кеңесі бұл ұсынысты қолдап, бекіткен болатын.

Ливияда 2011 жылдың ақпан айынан қазан айына дейін қарулы көтеріліс жүрген еді. Осы қақтығыста ондаған мың адам өліп, экономикасы мен инфрақұрылымына нұқсан келтірілген болатын.

Ал Ливияны 42 жыл басқарған Муамар Каддафи 2011 жылы 20 қазанда көтерілісшілер қолынан өлді.
XS
SM
MD
LG