Accessibility links

Қызылорда қаласында ресторан өртенді



Өткен түні сағат 13-тер шамасында Қызылорда қаласының орталығындағы Қорқыт даңғылының бойына орналасқан «Достық» ресторанының шатыры өртенген.

«Өрттің ауқымы 750 шаршы метрге жетті. Адамдар аман. Материалдық шығындары мен өрт себептері анықталып жатыр» деп хабарлады Азаттық радиосына Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің аға маманы Айгүл Нұрманова.

Оның айтуына қарағанда өрт сөндіруге барлығы 63 өрт сөндіруші мен 10 техника жұмылдырылып, 15 адам өрт аумағынан әкетілген.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG