Accessibility links

Катарда Сирия оппозициясының конференциясы ашылады


Сирия президенті Башар Асадқа қарсы жұма намаздан кейін шеруге шыққандар оппозициялық ту көтерді. Идлиб қаласы. 02 қараша 2012 жыл

Сирия президенті Башар Асадқа қарсы жұма намаздан кейін шеруге шыққандар оппозициялық ту көтерді. Идлиб қаласы. 02 қараша 2012 жыл

Бүгін Катар астанасы Доха қаласында Сирия оппозициясы конференциясын бастайды. Бес күнге созылатын бұл жиында өткен жылы президент Башар Асадқа қарсы эмигранттардан құралған Сирия ұлттық кеңесінің орнын басатын Ливия оппозициясының жаңа жетекшілігі сайланады.

Таяуда АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Сирия ұлттық кеңесін сынға алып, басшылыққа Сирияда Асад әскерімен қарулы күрес жүргізіп жатқан көтерілісшілердің өкілдерін енгізуді ұсынған еді. АҚШ 50 адамнан құралатын жетекші органның Сирия ұлттық бастамасын құру жөніндегі жоспары мен осы 50 адамның қатарына саяси топтардың және Сирия азаттық армиясы мен жергілікті қауымның өкілдерін қосу жөніндегі ұсынысты қолдады.

Сирияда қарулы қақтығыс әлі жалғасып жатыр. Таяуда көтерілісшілер Алеппо және Дамаск қалаларының арасындағы Тафтаназ авиабазасын қолға түсіру үшін ауқымды шабуыл бастады.
XS
SM
MD
LG