Accessibility links

Нью-Йоркте сегіз жүз мың адам жарықсыз отыр


Су тасқынынан зардап шеккен дүкен, Нью-Йорк, 2 қараша, 2012 жыл

Су тасқынынан зардап шеккен дүкен, Нью-Йорк, 2 қараша, 2012 жыл

Өткен аптаның басында «Сэнди» дауылынан зардап шеккен Нью-Йорктың 800 мың адамы әлі күнге электр жарығынсыз отыр.

Сондай-ақ Нью-Йорк пен Нью-Джерси штатында жанар-жағармай жетпей, май құю бекеттері ұзын-сонар кезекке толды.

Нью-Йорк мэрі Майкл Блумберг электр жарығы болмағандықтан жылусыз қалып қойған үйлердің тұрғындарын, әсіресе қарттарды арнайы ашылған жылы орындарда тұра тұруға шақырды. Қаладағы ауа-райы қазір нөл градусқа дейін төмендеген.

Қала билігі бүгінге жоспарланған дәстүрлі Нью-Йорк марафонын кейінге қалдырды. Дегенмен де жүздеген спортшылар өз бетінше жүгіріп, марафон кезінде мұқтаж адамдарға жәрдем көрсету жөнінде шешім қабылдады.
XS
SM
MD
LG