Accessibility links

Ресейдегі ұлтшылдар маршында 125 адам тұтқындалды


Мәскеудің орталығында өткен "Орыс маршынан" көрініс. 4 қараша 2012 жыл.

Мәскеудің орталығында өткен "Орыс маршынан" көрініс. 4 қараша 2012 жыл.

Ресейде орыс ұлтшылдарының маршына қатысқан 125 адам тұтқындалды.

Жексенбіде Ресейдің бірнеше қаласында ұлтшылдар "Орыс маршын" өткізген. Оның кейбіріне билік рұқсат етсе, кейбіріне тыйым салынған. Мәскеудегі маршқа оны ұйымдастырушылардың дерегі бойынша, 20 мыңға тарта адам қатысты. Ал құқық қорғаушылар маршқа 6 мың адам қатысты дейді. Мәскеудегі маршта оппозициялық блогер Алексей Навальный да бой көрсеткен.

Мәскеудегі маршта 25 адам ұлтшылдықты білдіретін рәміздерді тағып алғаны үшін тұтқындалса, Екатеринбургте 90 адам заңсыз шеру өткізді деген айыппен ұсталған.
XS
SM
MD
LG