Accessibility links

Кейбір облыстарда жолдар уақытша жабылды


Ақмола, Қарағанды облыстары мен Астана қаласында көктайғақ салдарынан жолдар жабылды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жексенбіден дүйсенбіге қараған түннен бастап Астанадан Қарағандыға шығатын жолдарда көктайғақ болуы салдарынан барлық көлік түрлерінің жүруіне шектеу қойылған.

Бұған қоса Осакаровка-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш, Қарағанды-Жезқазған бағытындағы жолдарда қоғамдық көліктердің жүруіне шектеу қойылып, Көкшетау- Астана арасындағы жол да жабылған.
XS
SM
MD
LG