Accessibility links

Өзбекстан үш әйелді "тәжік тыңшысы" айыбымен соттады


Өзбекстанда Сухандария облысының үш әйелі "Тәжікстанға тыңшылық етті" деген айыппен сотталды.

Азаттық радиосы Өзбек қызметінің хабарлауынша, дүйсенбіде мемлекеттік телеарна үш әйелдің 14 және 15 жылға сотталғаны туралы ақпарат таратқан. Ресми ақпаратқа қарағанда, үш әйелдің екеуі - өзбек, біреуі - Тәжікстанда туған және ешқандай азаматтығы жоқ әйел. Тергеушілер "Тәжікстан оларға Өзбекстанның әскери және құқық қорғау органдарының кеңселері туралы құпия ақпарат бергені үшін ақша төлеп келгенін" айтады. Ресми орындар іс туралы бұдан өзге егжей-тегжейлі ақпарат жарияламаған.

Соңғы жылдары екі ел су және энергия ресурстары, жүк тасымалдау мәселелерінде өзара келісімге келе алмай, қарым-қатынасы шиеленісіп тұр. Ташкент ара-тұра Тәжікстанға жеткізілетін электр қуаты мен табиғи газды тоқтатып, теміржол байланысына шектеу қойып тастайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG