Accessibility links

Шымкенттегі атысқа қатысты екі күдікті ұсталды


Бадам өзенінің жағасында болған қақтығыс орны. Шымкент, 30 қазан 2012 жыл.
Бадам өзенінің жағасында болған қақтығыс орны. Шымкент, 30 қазан 2012 жыл.
"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, екі азаматты қамауға жергілікті сот рұқсат берген.

- Қазіргі кезде екі азамат ұсталды. Екеуі де ауруханада және қызметкерлеріміздің бақылауында... Бірнеше күннен кейін оларды ауруханадан шығарады, сол кезде тергеу изоляторына жібереміз, - деген Әл-Фараби аудандық ішкі істер басқармасының бастығы Бауыржан Сельтанов агенттікке.

Полиция өкілі ұсталған екі азаматтың біріне «адам өлімі» бойынша, екіншісіне – «бұзақылық» бабы бойынша айып тағылғанын айтқан.

Бауыржан Сельтанов атысқа қатысқан өзге азаматтардың да тергеліп жатқанын жеткізген.

- Бұл оқиғаға қатысқан барлық азаматтар (саны 8 бен 11 арасында болуы мүмкін - Б.С) осында, тергеу жүргізіліп жатыр. Тергейміз, беттестіреміз, үйлеріне қайтарып жіберіп жүрміз, - деген Сельтанов агенттікке.

Қазанның 29-ы күні Шымкент маңындағы Забадам елді мекенінде атыс болып, екі адам көз жұмып, 13 адам жарақат алған еді.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG