Accessibility links

Татарстанда Қазақстан консулдығы ашылады


Татарстан президенті Рустам Минниханов. 8 мамыр 2012 жыл.
Татарстан президенті Рустам Минниханов. 8 мамыр 2012 жыл.
Татарстанның астанасы Қазан қаласында таяуда Қазақстанның консулдығы ашылады. Бұл туралы автономиялы республика президенті Рустам Минниханов Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Тимур Құлыбаев бастаған делегациямен кездескеннен кейін мәлімдеді.

Кездесуде екі жақ машина құрастыру, энергетика және сауда саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылаған.

Қазақстан мен Татарстанның бұрыннан мәдени және экономикалық байланысы бар.
XS
SM
MD
LG