Accessibility links

АҚШ-та алғашқы сайлау учаскелері ашылды


Президент Барак Обама (оң жақта) мен оның сайлаудағы қарсыласы Митт Ромни. Флорида штаты, 22 қазан 2012 жыл.
Президент Барак Обама (оң жақта) мен оның сайлаудағы қарсыласы Митт Ромни. Флорида штаты, 22 қазан 2012 жыл.
АҚШ-та президент сайлауына дауыс беруге арналған алғашқы сайлау учаскелері Нью-Гэмпшир штатында (Диксвилл қаласы) ашылды.

Ал "Сэнди" дауылынан зардап шеккен Нью-Джерси штатының билігі үйлерінен көшірілген азаматтарға электронды почта арқылы дауыс беруге рұқсат етті. Құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқандар да осы тәсіл арқылы дауыс бере алады. Штат басшылығы азаматтар сайлау учаскелеріне жете алмай қалуы мүмкін деп алаңдайды.

BBC агенттігінің хабарлауынша, сарапшылар "бұл жүйе сынақтан өтпегендіктен, теріс пиғылдылар оны өз мақсаттарына пайдалануы мүмкін" дейді.

Қоғамдық пікірге сүйенсек, америкалықтар үміткерлердің екеуін де - қазіргі президент Барак Обама мен оның қарсыласы Митт Ромниді бірдей қолдайтынын көрсетеді.

Соңғы деректер бойынша, Флорида, Огайо, Виржиния және Колорадо сияқты сайлау барысында шешуші рөл атқаратын штаттарда Обаманың танымалдығы Ромниден басымырақ.

Америкалықтар бүгін президенттен бөлек бірнеше штаттың губернаторларын, өкілдер палатасының толық құрамын және сенат мүшелерінің үштен бірін сайлауға дауыс береді.
XS
SM
MD
LG