Accessibility links

Грекияда 2 тәулікке созылатын ереуіл басталды


Грекия премьер-министрі Антонис Самарис. Афина, 4 қараша 2012 жыл.

Грекия премьер-министрі Антонис Самарис. Афина, 4 қараша 2012 жыл.

Грекияда қатаң экономикалық саясатқа қарсылық танытқан 48 сағаттық ереуіл басталды.

Ереуіл кезінде елде екі тәулік бойына пойыздар мен автобустар жүрісі тоқтап, көптеген әуе рейстері жабылады. Мемлекеттік мекемелерде, банктер мен мектептерде тек кезекші қызметкерлер ғана жұмыс істейді.

Бұған дейін премьер-министр Антонис Самарас парламенттің қарауына мемлекеттік шығындарды қысқартып, салықты 13,5 миллиард еуроға көбейту жобасын ұсынған еді. Ол жоба парламентте бүгін қаралуы тиіс.

Грекия үкіметі бұл жобаны халықаралық қауымдастықтың жаңа қаржылық көмегін алу үшін қабылдамақ.
XS
SM
MD
LG