Accessibility links

Батыс Қазақстанда "намаз оқымақ болған" адам ұсталды


Намаз оқып отырған әйел. Алматы, 2010 жыл. (Көрнекі сурет).

Намаз оқып отырған әйел. Алматы, 2010 жыл. (Көрнекі сурет).

Облыстағы "Красновский" кеден бекетінде намаз оқымақ болды деген адамның ұсталғаны туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

Кеденшілердің айтуынша, дүйсенбі күні кеден бекеті кеңсесіне кірген ер адам еденге жайнамазын төсеп, намаз оқымақ болған. Олар ер адамды кеңседен шығарып жібермек болғанымен, қарғыс естігендерін, содан кейін ол кісіні полицияға тапсырғандарын айтады.

Қазақстанның дін туралы жаңа заңына сәйкес, мемлекеттік орындарда діни құлшылық, рәсімдерді атқаруға болмайды.
XS
SM
MD
LG