Accessibility links

Грузияда бұрынғы министр тұтқындалды


Грузияның бұрынғы ішкі істер министрі Бачо Ахалая.
Грузияның бұрынғы ішкі істер министрі Бачо Ахалая.
Грузияның бұрынғы ішкі істер министрі Бачо Ахалая "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен тұтқындалды. Ахалаяның адвокатының айтуынша, сейсенбіде прокурорлар экс-министрді үш сағат тергеген. Ахалая енді сотқа дейін қамауда болуы мүмкін.

Бачо Ахалая қыркүйек айында Тбилиси түрмесіндегі тұтқындарды азаптау туралы видеодан кейін отставкаға кеткен. Видеоны таратты делінген түрме күзетшісі "тұтқындарды азаптағандарды видеоға түсіруге Ахалая тапсырма берді" деген.

Президент Михаил Саакашвилидің жақын серігі Бачо Ахалая 1 қазанда өткен парламент сайлауынан соң елден кетіп қалып, екі күн бұрын қайта оралған. Ол өзіне қарсы "ойдан шығарылған және ақылға сыйымсыз" айыптауларға жауап беруге келгенін айтқан.

Қыркүйектің ортасында оппозициялық телеарналар жариялаған түрмедегі азаптау жайлы видеодан соң құқықтық көмек және тергеу, үкімдерді іскер асыру министрі Хатуна Калмахелидзе де қызметінен кеткен.
XS
SM
MD
LG