Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обаманы құттықтады


Барак Обама мен Нұрсұлтан Назарбаев Сеулде өткен ядролық қауіпсіздік саммитінде. Оңтүстік Корея, 26 наурыз 2012 жыл.

Барак Обама мен Нұрсұлтан Назарбаев Сеулде өткен ядролық қауіпсіздік саммитінде. Оңтүстік Корея, 26 наурыз 2012 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обаманы екінші мерзімге президент болып сайлануымен құттықтап, телеграмма жолдады деп хабарлайды президенттің ресми веб-сайты.

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратта Назарбаев Обаманы Қазақстан халқы мен жеке өз атынан құттықтағаны айтылған.

Назарбаев жаңа сайланған Барак Обамамен диалог "қазақстан-америка стратегиялық әріптестігін нығайтуға ықпал етеді" деп сенім білдірген.

Жеделхатта: "Осындай қиын-қыстау кезеңде Сіздің жетекшілігіңізбен Америка Құрама Штаттары әлемнің гүлденуі мен тұрақтылығы үшін қуатты қозғаушы күш болатынына сенімдімін. Сізге және отбасыңызға денсаулық пен мол бақыт, қызметіңізге толағай табыс, ал Америка халқына амандық тілеймін" деп жазылған.
XS
SM
MD
LG