Accessibility links

Өзбек балуаны олимпиада медалінен айырылды


Өзбекстан балуаны Сослан Тигиев. Лондон, 10 тамыз 2012 жыл.

Өзбекстан балуаны Сослан Тигиев. Лондон, 10 тамыз 2012 жыл.

Лондон олимпиадасына (2012) қатысып, еркін күрестен қола медаль алған Өзбекстан балуаны Сослан Тигиев (29 жаста) допингке байланысты жүлдесінен айырылды.

Солтүстік Осетияда туған Тигиев Лондон олимпиадасына 74 килограмм салмақ дәрежесінде қатысқан. Ол 2008 жылғы Пекин олимпиадасында бір күміс, бір қола медаль алған.

Тигиев - ядро лақтырушы Надежда Остапчуктен (Беларусь) соң Лондон олимпиадасы медалінен айырылған екінші спортшы. Сослан Тигиевтің қола медалі енді төртінші орын алған Габор Натосқа (Венгрия) беріледі.
XS
SM
MD
LG