Accessibility links

АҚШ-та исламды қаралайтын фильм авторы сотталды


Марк Бассели Юсуфті тергеуге әкетіп барады. Лос-Анжелес, 15 қыркүйек 2012 жыл.

Марк Бассели Юсуфті тергеуге әкетіп барады. Лос-Анжелес, 15 қыркүйек 2012 жыл.

Исламды қаралайтын "Мұсылмандар пәктігі" фильмі продюссерлерінің бірі Марк Бассели Юсуф бір жылға сотталды.

Лос-Анжелестің (Калифорния) федералдық сотында 55 жастағы Бассели Юсуф өзінің аты-жөнін жалған көрсетіп, 2010 жылы қаржылық алаяқтық жасағаны үшін істі болып, кейін мерзімінен бұрын босатылғанда шыққан шешімнің шарттарын бұзғанын мойындады.

Соттың Бассели Юсуфқа таққан айыптарының ешқайсысының мұсылмандардың ашу-ызасын тудырған фильмге қатысы болмады.

Мұхаммед пайғамбарды алаяқ және әйелқұмар етіп көрсеткен даулы фильмге қарсы бірнеше мұсылман елінде өткен наразылық акцияларында жиыны 20-ға тарта адам қаза тапты.

Қазақстанда бұл фильмнің көрсетілуіне және таратылуына тыйым салынған.
XS
SM
MD
LG