Accessibility links

ЕҚЫҰ АҚШ-тағы сайлауға баға берді


ЕҚЫҰ логотипі. (Көрнекі сурет).

ЕҚЫҰ логотипі. (Көрнекі сурет).

ЕҚЫҰ АҚШ-тағы сайлауды "жоғары бәсеке және плюралистік тұрғыда, кәсіби ұйымдастырылған деңгейде өтті" деп бағалады.

Бірақ ЕҚЫҰ мәлімдемесінде АҚШ сайлау жүйесінде назар аударуы тиіс деген бірнеше жайтты атап өтеді. Ұйымның бақылаушылар миссиясының басшысы, елші Даан Эвертс ұйым "сайлау құқығы, сайлаушылар тізімінің нақтылығы, сайлау кампаниясын қаржыландыру көзінің жария болуы, дауыстарды қайта санау және сайлауға халықаралық бақылаушыларды жіберу" сияқты мәселерге алаңдайтынын айтады.

ЕҚЫҰ-ның айтуынша, Американың сайлау жүйесі туралы заңнамалары тым орталықсызданып кеткен және күрделі. "Кейбір штаттардың заңнамалары сайлауға халықаралық бақылаушылардың жіберілуіне қиындық тудырады, ал ол АҚШ-тың ЕҚЫҰ мүшесі ретінде орындауы тиіс міндеттемелеріне қайшы келеді" делінген мәлімдемеде.
XS
SM
MD
LG