Accessibility links

Спорт агенттігі Винокуровты қорғамақ


Александр Винокуровтың олимпиадада жеңіске жеткен сәті. Лондон, 28 шілде 2012 жыл.
Александр Винокуровтың олимпиадада жеңіске жеткен сәті. Лондон, 28 шілде 2012 жыл.
Қазақстанның спорт және дене шынықтыру агенттігі Халықаралық велосипедистер одағының (UCI) дауына іліккен Александр Винокуровты қорғайтынын мәлімдеді деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі.

Агенттік төрағасы Талғат Ермегияев бүгін журналистерге "агенттік жағдайды бақылауда ұстап отырғанын, спортшыны қорғайтынын" айтқан. Оның сөзіне қарағанда, агенттікке ешқандай ресми хат келмеген.

Ермегияев қазір Еуропада тұратын Винокуровпен «хабарласа алмай отырғанын» айтты.

Халықаралық велосипедистер одағы бұған дейін Винокуровқа қатысты Падуя прокуратурасы (Италия) жинаған деректер бойынша ресми түрде тексеру ісін бастайтынын хабарлаған. Италиялық басылымның жазуынша, "Винокуров 2010 жылы Льеж-Бастонь-Льеж жарысында ресейлік велосипедші Александр Колобневке өзіне жол беріп, жеңіске жетуі үшін пара берген.

Ұйым Падуя прокуратурасы жинаған деректерден күдікті іске команданың қатысы бары екені анықталса, ережеге сай «Астана» мен «Катюша» велокомандаларына берілген лицензияларды қайта қарауды қарастыратынын айтқан.
XS
SM
MD
LG