Accessibility links

Ақтөбеде терроризм айыбымен сотталған 3 азамат босатылды


Ақтөбенің мамандандырылған ауданаралық соты бүгін терроризм және заңсыз қару сақтау айыптары бойынша сотталған Қанат Алпамысов, Әнуар Саттаров және Жан Нұртазиннің үкімінің қарап, оларды жазадан босатты деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Гүлнұр Симатованың айтуынша, Саттаров, Алпамысов және Нұртазин тек "қылмыс туралы хабарламағаны үшін" кінәлі деп танылып, әуелі бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілген. Бірақ үшеуі де рақымшылық заң бойынша жазадан босатылды.

Аталған үш азамат өткен жылдың күзінде екі жарым жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге сотталған еді. Бірақ кейін бас прокуратураның қарсылығы бойынша жоғарғы соттың қылмыстық істерді бақылаушы сот алқасының қаулысы негізінде үкім тоқтатылып, іс қайта қарауға жіберілген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG