Accessibility links

Барак Обама бірнеше елдің басшыларымен сөйлесті


Барак Обама. Иллинойс штаты, 6 қараша 2012 жыл.
Барак Обама. Иллинойс штаты, 6 қараша 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама қайта сайланған соң 13 мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті.

Ақ үйдің хабарлауынша, Обама Ұлыбритания, Германия, Франция, Австралия, Бразилия, Колумбия, Канада, Үндістан, Сауд Арабиясы, Түркия, Израиль және Египет басшыларымен сөйлесті. Обама алдағы төрт жыл президенттік қызметінде аталған елдермен тығыз ынтымақтастық орнатуға үмітті екенін айтқан.

АҚШ президенті НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссенмен де сөйлесті.
XS
SM
MD
LG