Accessibility links

Солтүстік Қазақстанда 193 полицей жұмыстан босатылды


Полиция қызметкері. Алматы облысы. (Көрнекі сурет).
Полиция қызметкері. Алматы облысы. (Көрнекі сурет).
Солтүстік Қазақстан облысында кезектен тыс аттестацияның қорытындысы бойынша 193 полицей қызметтен босатылды деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Облыстың ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің дерегі бойынша, бірнеше кезеңнен тұратын аттестацияға 2 мыңнан астам полицей қатысқан. Оның нәтижесінде "қызметіне лайық емес" деп танылған 193 полицей жұмыстан босатылған. 45 полицейдің қызметін төмендетуге, 38 полицейді басқа қызметке ауыстыруға ұсыныс жасалған.

Сәуір айында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау саласының қызметкерлерін аттестациядан өткізуге жарлық шығарған еді. Аттестация 30 желтоқсанда аяқталуы тиіс.
XS
SM
MD
LG