Accessibility links

Өзбекстан МТС-ке қатысты үкімді өзгертті


Ресейлік "МТС" компаниясының логотипі. (Көрнекі сурет).

Ресейлік "МТС" компаниясының логотипі. (Көрнекі сурет).

Ташкент қалалық соты қыркүйек айында Ресейдің МТС байланыс компаниясының еншілес бөлімшесінің активтерін құрсаулау туралы шығарған шешімінің күшін жойды.

Соттың жұма күні қайта шығарған шешімі бойынша, МТС енді "салық төлеуден жалтарғаны" және компанияның Өзбекстандағы еншілес кәсіпорны "Уздунорбитаның" "қаржылық қателіктері үшін" 600 миллион АҚШ долларын төлеуі тиіс.

Өткен аптада Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнараның Мәскеудің орталығындағы құны 10 миллион АҚШ долларына бағаланған пәтері тұтқындалған еді.

Гүлнәра Каримованың пәтері Ресейдің МТС байланыс компаниясының еншілес бөлімшесін Өзбекстанның телекоммуникация саласынан ығыстырып шығаруына қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында тұтқындалған.

Тамыз айының соңында ресейлік МТС байланыс компаниясының Өзбекстандағы еншілес бөлімшесінің мүлкіне тұтқын салынып, бөлімшеде жұмыс істеген бірнеше менеджер түрмеге отырғызылды.

МТС компаниясы бұны Өзбекстандағы өз бизнесін тартып алмақ болған ықпалды күштердің іс-әрекеті деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG