Accessibility links

Шри-Ланка түрмесіндегі ереуілде 16 адам өлді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Шри-Ланканың астанасы Коломбо қаласындағы түрмеде болған ереуіл кезінде күзетшілермен қақтығыста жазасын өтеп жатқан 16 адам мерт болып, тағы 43-і жараланған. Алты жаралының ауруханада хал үстінде жатқаны, сонымен бірге ереуілдеген тұтқындармен қақтығыс кезінде кемінде 15 полиция қызметкерінің жараланғаны туралы хабарланды.

Ереуіл жұма күні түрме әкімшілігі тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру үшін тұтқындар отырған камераларға тінту жүргізген кезде басталды. Тұтқындардың бас көтеруі тек бүгін таңертең ғана басылып, түрмедегі тәртіп қалпына келді.

Осы мекемеде қамауда отырған алты адам дүрбелеңді пайдаланып, қарауыл бөлмесінен бірнеше қаруды алып түрмеден қашып кеткен.

Бұған дейін Шри-Ланкада 1983 жылы түрмеде отырғандар бас көтеріп, 35 адам мерт болған еді.
XS
SM
MD
LG