Accessibility links

Батыс елдері Иранды блогердің қазасын тексеруге шақырды


Ирандық қоғам белсендісі блогер Саттар Бехешти.

Ирандық қоғам белсендісі блогер Саттар Бехешти.

Франция, Ұлыбритания, АҚШ елдері мен халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы Иран билігін қоғам белсендісі блогер Саттар Бехештидің өліміне байланысты тергеу жүргізуге шақырды.

Бұған дейін жергілікті құқыққорғаушылар қазан айында иран үкіметінің іс-әрекетін сынайтын жазба жариялаған блогер Саттар Бехештидің қамауға алынған соң бір аптадан кейін түрмеде жұмбақ жағдайда көз жұмғаны туралы хабарлаған еді.

Құқыққорғаушылар блогер түрмеде азаптаудан қаза болуы мүмкін дейді.
XS
SM
MD
LG