Accessibility links

Беларусь: КГБ басшысы жұмыстан шеттетілді


Беларусь мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (КГБ) басшысы Вадим Зайцев. 13 сәуір 2011 ж.

Беларусь мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (КГБ) басшысы Вадим Зайцев. 13 сәуір 2011 ж.

Беларусь президенті Александр Лукашенко елдің мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (КГБ) басшысы Вадим Зайцевті уақытша жұмыстан шеттетті.

КГБ басшысының міндетін уақытша атқару Беларусь қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Леонид Мальцевқа жүктелді.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Зайцевті қызметтен шеттету туралы шешім жұма күні президент Лукашенконың қатысуымен өткен кеңесте қабылданған. Жиында сөйлеген Беларусь республикасының бас прокуроры мен тергеу комитетінің төрағасы елдегі КГБ-ның жұмысына қатысты дау-жанжалдар мен проблемалар туралы айтқан.
XS
SM
MD
LG