Accessibility links

Шри-Ланка: түрмеде өлгендер саны 27 адамға жетті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Шри-Ланканың астанасы Коломбо қаласындағы түрмедегі ереуіл кезінде күзетшілер мен тұтқындар арасындағы атыстан қаза болғандардың саны 27 адамға жетті. Бұған дейін 43 адамның жараланып ауруханаға жеткізілгені, алты жаралының хал үстінде жатқаны хабарланған еді. Жараланғандардың арасында сотталғандар да, полиция қызметкерлері де бар.

Ереуіл жұма күні түрме әкімшілігі тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру үшін тұтқындар отырған камераларға тінту жүргізген кезде басталды. Тұтқындардың бас көтеруі тек бүгін таңертең ғана басылып, түрмедегі тәртіп қалпына келді. Полиция түрмедегі дүрбелеңді пайдаланып, қарауыл бөлмесінен бірнеше қаруды алып түрмеден қашып шыққан алты адамның бесеуі ұсталғанын хабарлады.

Бұған дейін Шри-Ланкада 1983 жылы түрмеде отырғандар бас көтеріп, 35 адам мерт болған еді.
XS
SM
MD
LG