Accessibility links

Сирияда жарылыстан 20 адам қаза тапты


Әскери іс-қимылдардан қираған ғимарат жанында президент Башар әл-Асадтың билігіне қарсы акцияда тұрғандар. Дамаск маңындағы Ербен кенті. 9 қараша 2012 ж.

Әскери іс-қимылдардан қираған ғимарат жанында президент Башар әл-Асадтың билігіне қарсы акцияда тұрғандар. Дамаск маңындағы Ербен кенті. 9 қараша 2012 ж.

Бүгін Сирияның оңтүстігіндегі Дераа қаласында болған екі жарылыстың салдарынан үкімет сарбаздарынан кемінде 20 адам қаза тапқан.

Сириялық құқыққорғаушылардың хабарлауынша жарылыстар офицерлер клубының жанында болған. Бұл жарылыс туралы Сирияның мемлекеттік SANA агенттігі де хабарлады, бірақ қаза болғандар жайлы ақпарат берген жоқ.

Сирияда көтерілісшілер мен үкімет әскері арасында ұрыстар қазір негізінен елдің солтүстігінде - Алеппо қаласының маңы мен Идлиб провинциясында жүріп жатыр. Өткен тәулікте 11 мың босқын Сирияны тастап шыққан. БҰҰ-ның деректері бойынша, былтыр көктемнен бері Сириядан 400 мыңнан аса босқын өзге елдерге бассауғалап кетуге мәжбүр болған.
XS
SM
MD
LG