Accessibility links

Украина оппозициясы жоспарын жариялайды


Жалпы украиналық «Батьківщина» бірлестігінің, ұлтшыл «Свобода» партиясы мен Виталий Кличконың «УДАР» партясының өкілдері дүйсенбіде Орталық сайлау комиссиясының алдында парламент сайлауларын бұрмалауға жол бермеуге арналған мұнан кейінгі қадамдарын жариялайды деп мәлімдеді біріккен оппозиция жетекшілерінің бірі Анатолий Гриценко.

Кеше Украинада Жоғарғы Рада сайлауының ресми қорытындысы шықты. Ол бойынша аймақтар партиясы 72 мандатқа, «Батькивщина» – 62, «УДАР» – 34, «Свобода» партиясы 25 мандатқа ие болған.

«УДАР» партиясы жасаған мәлімдемеде "бұл нәтиже азаматтардың шынайы таңдауын толық көрсетпейтіні" айтылды. Олар партиялық тізім бойынша берілген дауыстарды санау кезінде өзінің бір жарым пайыз дауысынан айырылғанын мәлімдеді.

28 қазанда Укранинада аралас жүйе бойынша парламент сайлауы өтіп, депутаттардың жартысы партиялық тізім бойынша сайланды.
XS
SM
MD
LG