Accessibility links

Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары кеңесіне мүше болғысы келеді


БҰҰ бас ассамблеясы бүгін Женевада Адам құқықтары жөніндегі кеңеске 18 елді мүшелікке сайлайды. Кеңес мүшелігіне өтуге Қазақстан, Монтенегро және Пәкістан өтініш берген.

Халықаралық Amnesty International ұйымының пікірі бойынша, құрамында 47 мемлекеті бар Адам құқықтары жөніндегі кеңеске "адам құқықтарын құрметтейтін" елдер ғана кіруі тиіс.

Amnesty International Қазақстанды "азаматтардың мемлекетті басқару процестеріне қатысуына барынша мүмкіндік беруге" шақырды.

Құқық қорғау ұйымы Монтенегроны сығандар мен гомосексуалистерге деген кемсітушілікпен күресуі тиіс деп санайды. Ұйым Пәкістандағы діни азшылықты құрайтын топтарды қудалау мен кемсітушілікпен күрестің сәтсіздікке ұшырап отырғанына алаңдап, Исламабадты оған кінәлілерді жауапқа тартуды сұрайды.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG