Accessibility links

АҚШ сарбазы сотында ауған балалары куәлік берді


АҚШ әскерінің қолынан қаза тапты делінген 16 ауғандық жерленген орын. Қандағар уәлаяты. (Көрнекі сурет).

АҚШ әскерінің қолынан қаза тапты делінген 16 ауғандық жерленген орын. Қандағар уәлаяты. (Көрнекі сурет).

2012 жылдың басында Қандағар уәлаятында 16 ауғандықты өлтірді деп айыпталған АҚШ сарбазының сотында қырғында аман қалған ауғандық балалар спутниктік байланыс арқылы куәлік берді.

АҚШ-тың әскери прокурорлары 11 наурызда Қандағар уәлаятының Панджаби ауданында 16 ауғандықты, оның ішінде әйелдер мен балаларды қырып салды деп айыпталып отырған сержант Роберт Бейлсті өлім жазасына кесуді сұрайды.

Куәлік берген үш бала америкалық әскери киімдегі ер адамның үйлеріне кіріп, ата-аналары мен бауырларын қалай өлтіргенін баяндап бергенде Бейлс ешқандай қарсы жауап қатқан жоқ. Құрбан болғандардың бірінің әйелі тергеушілерден бірнеше әскеридің жауапқа тартылуын сұраған.

Бірақ куәлік бергендердің бәрі тек бір ғана әскериді көргендерін айтады.
XS
SM
MD
LG