Accessibility links

Грекия парламенті 2013 жылдың бюджетін бекітті


Афиныдағы парламент үйінің алдында мыңдаған адам наразылық танытып жатыр. Грекия, 7 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Афиныдағы парламент үйінің алдында мыңдаған адам наразылық танытып жатыр. Грекия, 7 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Грекия парламенті елдің 2013 жылға арналған бюджетін бекітті. Келер жылғы бюджет жобасында Еуропа Одағынан 31,5 миллиард еуро көлеміндегі кезекті қаржылай көмек алу үшін қатаң экономикалық саясат жүргізу қарастырылған. Жобаны депутаттардың басым көпшілігі қолдап дауыс берді.

Осыдан бірнеше күн бұрын парламент аз ғана басым дауыспен мемлекеттік шығындарды азайтып, салықты көбейтуді көздейтін басқа заң жобасын қабылдаған. Ол заң басқарушы коалициядағы үш партияның арасында үлкен дау тудырған.

Биліктің бюджет шығындарын көбейту әрекеті елде жаппай наразылықтар тудырды. Жүз мыңдаған адам мемлекеттің ауыр қаржылық міндеттерді мойнына алғанына наразылық танытып жатыр.
XS
SM
MD
LG