Accessibility links

Челахтың соты 19 қарашада Талдықорғанда басталады


Шекарашы Владислав Челах "қылмыс жасағанын мойындап" тұр. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.
Шекарашы Владислав Челах "қылмыс жасағанын мойындап" тұр. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.
"14 шекарашы мен бір орманшыны өлтірді" деп айыпталған Владислав Челахтың соты 19 қарашада Талдықорған қалалық сотында басталады. Бұл туралы оның адвокаты Серік Сәрсеновке сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, Талдықорғанның әскери гарнизоны бүгін алдын ала тыңдауда осылай деп шешкен.

Арқанкерген бекетіндегі 14 шекарашы мен орманшының өліміне кінәлі деп қамауға алынған Владислав Челахқа осы айдың басында қылмыстық кодекстің 8 бабы бойынша айып тағылған.
XS
SM
MD
LG