Accessibility links

Степногорск абақтысының бұрынғы басшысы босатылды


Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мекемесі. (Көрнекі сурет).
Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мекемесі. (Көрнекі сурет).
Степногорск қаласындағы уақытша қамау изоляторының бұрынғы бастығы, "қызметіне немқұрайды қарағандықтан сотталушы қаза тапты" деген айыппен сотталған Әбетов рақымшылық заңы бойынша босатылды. Бұл туралы "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін Степногорск соты "қызметіне немқұрайды қарап, ол ісі тұтқынның қаза табуына себеп болды" деген айыппен оны шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айырып, үш жылға дейін мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырған еді.

2011 жылдың сәуірінде ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына түскен күдікті Рақышевты іш құрылысының ауыруына байланысты жедел ауруханаға жатқызуға тиіс болатын. Ал 8 мамыр күні оның өлі денесі табылған. Сарапшылар дер кезінде емдеткенде күдіктіні өлімнен арашалап қалуға болатын еді деген қорытынды шығарған.

Степногорск соты уақытша қамау изоляторының бұрынғы бастығына 2 жыл сынақ мерзімін тағайындады.
XS
SM
MD
LG