Accessibility links

Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары кеңесіне мүше болды


БҰҰ бас ассамблеясының отырысы. Нью-Йорк, 3 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

БҰҰ бас ассамблеясының отырысы. Нью-Йорк, 3 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Қазақстан бірінші рет БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше болып сайланды деп хабарлайды сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған ақпарат агенттіктері.

Министрліктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, дүйсенбіде Нью-Йоркте БҰҰ-ның 67-сессиясы аясында Адам құқықтары жөніндегі кеңеске 2013-2015 жылдар ішінде мүше болатын 18 мемлекетке дауыс беру өткен. Сайлауда Қазақстанның кандидатурасын 183 мемлекет қолдап дауыс берген.

Адам құқықтары жөніндегі кеңес - 2006 жылдың 15 наурызында құрылған, адам құқықтарын қорғайтын халықаралық орган. Кеңес құрамына 47 мемлекет кіреді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер бұл кеңеске БҰҰ Бас ассамблеясына мүше елдердің тікелей және жасырын дауыс беруі арқылы сайланады.
XS
SM
MD
LG