Accessibility links

НАТО Грузиядағы тұтқындауларға алаңдайды


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен (сол жақта) Грузия президенті Михаил Саакашвилимен кездесіп тұр. Прага, 12 қараша 2012 жыл.
НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен (сол жақта) Грузия президенті Михаил Саакашвилимен кездесіп тұр. Прага, 12 қараша 2012 жыл.
НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Грузияда таяуда парламент сайлауынан соң бірнеше шенеуніктің тұтқындалуына байланысты алаңдаушылығын білдірді. Бұл туралы ол дүйсенбіде Прагада өткен НАТО парламенттік ассамблеясының отырысында мәлімдеді.

Расмуссеннің айтуынша, шенеуніктердің тұтқындалуының саяси астары болмағаны жөн.

Өткен аптада тұтқындалған Грузия қарулы күштері біріккен штабының бастығы Георгий Каландадзе мен армия бригадасының қолбасшысы Зураб Шаматава кепілге босатылған. Ал қызметінен кеткен бұрынғы ішкі істер министрі Бачо Ахалая әлі қамауда отыр. Ол үшеуі өткен аптада "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген күдікпен ұсталған еді.

Грузияда 2012 жылы 1 қазанда өткен парламент сайлауында президент Михаил Саакашвилидің "Біріккен ұлттық қозғалыс" партиясы парламентте көпшілік орынға ие бола алмай, оппозициялық "Грузия арманы" блогы жеңген.
XS
SM
MD
LG