Accessibility links

Грекия қаржылай көмекті бірден ала алмайды


Халықаралық валюта қорының логотипі. (Көрнекі сурет).

Халықаралық валюта қорының логотипі. (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағына мүше елдердің қаржы министрлері Грекияға көмек қаржыны беру мәселесінде келісімге келе алмады. Еуропа Одағы мен Халықаралық валюта қоры Грекияға ұзақ мерзімді қаржыны беру мерзіміне қатысты мәселеде екіге жарылды.

Бірақ аталған ұйымдар Грекияға 2016 жылға дейін экономикалық реформалар жүргізуге уақыт берді.

Грекия парламенті таяуда алдымен мемлекеттік шығындарды азайтып, салықты көбейтуді көздейтін жаңа заң қабылдап, кейін қатаң экономикалық саясат жүргізуді көздейтін 2013 жылға арналған бюджетті бекіткен.

Еуропа Одағы мен Халықаралық валюта қоры өткен жылы Грекияға қаржы дағдарысынан құтылу үшін 240 миллиард еуро беруге уәде еткен. Грекия осыған дейін бюджеттік шығындарды азайтып, еңбек нарығында реформалар жасау арқылы оның 150 миллиард еуросын алып қойды. Қазір грекиялықтардың төрттен бірі - жұмыссыз.
XS
SM
MD
LG